Орналасуы:
Алматы, Қазақстан
Жалпы алаңы:
17 946 м2 м2
Пайдалануға берілді:
Құрылыстың 1-ші кезеңінын аяқталуі - 2016 ж. желтоқсаны
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Тұрғын үй кешені

Қазіргі заманға сай жаңа «АЛМАЛЫ» тұрғын ауданы Алматының экологиялық таза, дамып келе жатқан Алатау ауданында Б.Момышұлы көшесінде, Рысқұлов даңғылының солтүстігінде орын тепкен.

"АЛМАЛЫ" тұрғын ауданының қарсысында Универсиада-2017-нің басты нысаны - 28-ші қысқы Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаты мен ең тартысты спорт сайыстары өтетін 12 000 орындық "Алматы Арена" мұз сарайы орналасқан! Универсиада-2017 аяқталғаннан кейін Мұз сарайында спортты серік еткендер үшін екі мұзды арена, 25 метрлік бассейн және түрлі спорт секциялары ашылады.

"Алматы Арена" мұз сарайының жанында «Алатау» киноконцерт залы мен Domillion, «Прайм Плаза», «Апорт» секілді қаладағы ең таңдаулы сауда-ойын-сауық орталықтары бар. Үйге жақын маңда – бүкіл отбасына арналған Magnum Сash&Сarry гипермаркеті тұр.

«АЛМАЛЫ» тұрғын ауданының ыңғайлы көлік қолжетімділігінің арқасында қаланың кез-келген тұсына тез жетуге болады.

«АЛМАЛЫ» аумағында жеке балабақша салынуда. Мектеп оқушылары үшін үйдің жанында жаңа мектеп бар. Онда олар сапалы білім ала алады. 

«АЛМАЛЫ» тұрғын ауданы 9 баллдық сейсмикалық салмаққа есептелген 12, 14 қабатты 5 тұрғын үй кешенінен тұрады. Пәтерлердің төбесінің биіктігі – 2,7 м. Бүгінгі күні «АЛМАЛЫ» - Алматыдағы комфорт-класс санатына жататын кешенді құрылыстың перспективалық нысандарының бірі.

Аумағы 34 м2 мен 58 м2 аралығында болатын 1 және 2 бөлмелі пәтерлер дайын күйінде тапсырылады.