Орналасуы:
Астана, Қазақстан
Жалпы алаңы:
70 000 м2
Пайдалануға берілді:
2003 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Сәулетті композиция

Астанада Дөңгелек алаң құрылысын бастау – бұл күрделі топырақта осы сияқты алыпты салу бойынша алғашқы тәжірибе болып табылады. Қазақстанда бірінші рет беріктігі осындай бетон қолданылып отыр. Астананың ауа-райы құрылысшылардың кәсіпқойлылығына ерекше талаптар қояды. Қатаң континентті ауа-райы және де мұхиттардан шалғайда орналасуы Астананы әлемнің ең суық астаналарының біріне айналдырды. Жылдық температура айырмашылығы 93,2 градусты құрайды. Қыс айларында температура 50 С-ге дейін түсуі мүмкін. Архитектуралық туында құрылысы негізінен қыста жүргізілген болатын, ал аяз кезінде бетонды сақтау, тек ерекше технология ғана емес, бұл – ерекше өнер болып табылады. 

Біздің компанияның инжинерлері бұрғылап енгізілетін бағаналарды ұсынды: құрылысшылар жер астына 10-15  мертге дейін түсіп, тастақ топыраққа жеткен соң композиция салмағын қатты негізге орнатып отырды. Осылайша, Дөңгелек алаңның айрықша құрылғысы кез-келген салмаққа төзімді болуына қол жеткізілді.

Астаналық Дөңгелек алаң екі қабаттан тұрады: төменгісі жаяу жолаушыларға, ал жоғарғысы автомашиналарға есептелген. Алаңды қиып өтуші автотрассалық көпір, бұл – еліміздің топырағындағы бірегей көпір болып табылады, себебі ол біртұтас бетоннан салынған.  Оны жобалау және де одан кейін де бақылау процесіне канадалық сарапшылар ат салысқан еді. Қалыңдығы екі жарым метрлік көпірдің ішкі жағында тростар тартылған және де инженерлік коммуникацияларға арналған кең, бос орындар бар. Архитектура туындысының жалпы ауданы  70 мың кв. м, радиусы – 165 м. Алаң бойында «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы мен Энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің ғимараттары бой көтерген. Жиырма қабатты екі террасалық корпус, 10-13 қабаттарда аралық галереямен жалғастырылған, бұл - Сулы-жасыл желекті жолдың өзіндік «көпірі» көрінісін келтіреді. Маңайда Көлік және коммуникация министрлігінің, жеті қабатты Еуразиялық банктің ғимараттары және тұрғын үйлер орналасқан.