Орналасуы:
Астана, Қазақстан
Жалпы алаңы:
45 000 м2
Пайдалануға берілді:
2012 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Тұрғын үй кешені

«Базис» компаниялар тобымен тұрғызылған «Ағылшын кварталы» тұрғын үй кешені Есіл өзенінің оң жақ жағасында орналасқан. Соңғы үлгіде орындалған бөлмелер терезесінен Президент саябағына керемет көрініс ашылады. «Ағылшын  кварталы» дәл жанында «Хэйлибери» мектебі орналасқан. Сондай-ақ Астананың ең үздік көрнекті орындары  да кешеннің маңында, олар: Тәуелсіздік Сарайы, Бейбітшілік және ынтымақтастық Сарайы, Қазақстан тарихының мұражайы, «Қазақстан» орталық концерттік залы, «Хазрет Сұлтан» мешіті, «Қазақ Елі» монументі.     

«Ағылшын кварталы»  архитектурасы сізді ертедегі Англияға келіп түскендей күйге келтіреді. Жасыл желектер, жайлы орындықтар және көлеңкелі аллеялар  Ковент-Гарден саябақтарын еске салады, ал ең үздік ағылшындық дәстүрде орындалған әсем архитектура адамға шынымен Лондон маңында жүргендей әсер қалдырады.   «Ағылшын  кварталы» өзіне 6-дан 8-ге дейінгі қабатты үйлерді кіріктіреді.